» Спорт саласы

 
 
 

Спорт саласы

Автор: admin от 6-02-2018, 22:32, посмотрело: 563

0 Ата-бабаларымыз "Тәні саудың жаны сау"- деп бекер айтпаған. Спортпен айналысу денсаулықтың басты кепілі. Мектебімізде дене шынықтыру пәнінен бөлек, бірнеше үйірмелер жұмыс істеп жатыр. Үйірмелерге оқушылардың 40 пайызға жуығы қамтылған. Сонымен қатар Мақтарал ауданының №2 "Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебімен" келісім шартқа отыру арқылы, "Қол күресі" спорт түрінен үйірме ашылған. Үйірмеге дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Өміралиев Құрманғазы жаттықтырушылық етеді.
Жаттықтырушы мен оқушылардың табанды еңбектері қазіргі уақытта оң нәтижесін беріп жатыр. Мақтарал аудандық №2 БЖСМ құрама командасының сапында мектеп оқушылары жоғары жетістіктерге жетуде. Өткен 2017 жылы оқушыларымыз аудандық, облыстық сайыстардан бөлек Республикалық, Азия біріншіліктерінде жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда 50 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қалыбай Айдос Алматы қаласында өткен Республика біріншілігінде жүлделі ІІ орын иеленсе, 55 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қалыбек Нұрсұлтан армрестлингтен Қырғызстан мемлекетінде өткізілген Азия біріншілігінде жүлделі ІІІ орын иеленді. Биылғы 2018 жылы "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" ұранымен армрестлингтен (қос сайыс) жасөспірімдер арасында өткен Оңтүстік Қазақстан облысының чемпионатында 45 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Досан Бектай ІІ орынды иемденді. Қазіргі таңда оқушылардың осындай нәтижелерінің арқасында Қалыбай Айдос "Спорт шеберіне үміткер" деген атаққа ие болып үлгерді.
Болашақта бұл спорт түрі Рухани жаңғыру аясында дамып, өз үлестерін әлем біріншілігінде көрсетіп, еліміздің, ауылымызың, мектебіміздің мәртебесін асқақтатады деген сеніміміз мол.


Спорт саласы

Спорт саласы

Спорт саласы

Спорт саласы

Категория: ---

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.