» Мақалалар мен баяндамалар

 
 
 

Мақалалар мен баяндамалар

Автор: admin от 22-12-2017, 23:50, посмотрело: 477

0
Жаңалыққа бастаған жаңартылған бағдарлама - заман талабы.


Біздің мемлекеттік тіліміз қазақ тілі. Ұлт үшін өз тілінен асқан бай, құнды дүние болмас. Ал қазақ тілінің латын графикасына негізделуі- Қазақстанның дамыған отыз елдің қатарына енуіне үлкен үлесін қоспақ деп білемін.
Тіл туралы айтылғанда, әрине, білім саласында да оң өзгерістер орнамақ. Қазіргі таңда қарам-қатынас тілі - орыс тілі және ағылшын тілі. Яғни, үш тілділік пен қазақ тілінің латын графикасына негізделуі - ХХІ ғасыр талабы, жаңашылдықтың талабы деп түсінемін.
Елбасымыз айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамған отыз елдің қатарына жеткізетін білім. Яғни, білімнің бастауы мектеп қабырғасы. Осыған байланысты білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Өйткені, ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теорасы мен оқыту үрдісі түбегейлі өзгерістерге ұшырауда, ал ұстаздар алдында үлкен міндет тұр. Оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу.
Осы міндеттерді өз жауапкершілігіне алып, білімін жетілдіріп, жаңартылған білім беру бағыты бойынша еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз қаншама. Біздің мектебімізде де еңбек сүйгіш, талапшыл ұстаздарымыз жетерлік. Бүгінгі күнге дейін жаңартылған білім беру мазмұны бойынша, қазақ әліпбиінің латын графикасына негізделуіне байланысты ауыз толтырып айтарлық бірнеше іс - шаралар өткізілді. Мен бір мысал ретінде биылғы мектебімізде өтілген "Жас мамандар" сайысын алар болсам, жас мамандарымыздың оқушымен жұмыс жасауда өте тиімді бірнеше әдіс-тәсілдерді қолдана білуі, менің ұстаздарға деген сенімімді нықтай түсті және таңданысымды жасыра алмадым.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу, ал қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үрдісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау болса, оқу бағдарламасының бөлімдерін және белгілі бір оқу кезеңін аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.
Қорыта айтқанда, жаңартылған білім беру бағдарламасының мәні - баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өз өмірінде қажетке асыра білу керек. Сол үшін де ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Демек, оқушыға мектеп қабырғасындағы білім өмірмен байланысты екендігін ұғындыра білуіміз керек. Қазіргі күнде табысты болу үшін талап та соғұрлым күшейді. Оқушының бойына қажетті дағдыларды дарыту үшін, ұстаз тынымсыз еңбектену керек. Мен жаңартылған оқу бағдарламасы аясында өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын мұғалімдерді өз мектебімнен көре бастағаныма өте қуаныштымын.
Ата-бабамыз "Оқу - инемен құдық қазғандай" демекші, жан-жақты, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болып нәтижеге жетеді деп сенемін.

Мектеп директоры:
Ерімбетова Гүлжазира Нәлжігітқызы
 
 
 
 
 
Елбасының жолдауы - халықты қолдауы. 

         Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: "Төртінші өнеркәсіп жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына арналған жолдауы еліміздің әл - ауқатын арттырып, сонымен бірге, білім беру қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз етуге, мұғалім мамандығының беделін асқақтатуға мол мүмкіндік берері анық. 
         Елбасы жолдауындағы әр бөлім халықтың игілігі үшін жасалатын жұмыстар, ал жетінші бөлім - Адами капитал - жаңғыру негізі, яғни, білім берудің жаңа сапасы жайында. Ендігі мақсат - Елбасымыз жолдауында айтқан жаңашылдықпен, бізге қойылған міндеттерді басшылыққа алып, білім беру ісіне өзіміздің озық жүйемізді құруымыз керек. Өйткені, мектеп - келешек ел басқаратын, жер - суына иелік ететін, халықтың әл-ауқатын жақсартып, мерейін өсіретін, мәртебесін биіктететін, жасампаз жолдарды шыңдайтын ұрпақ тәрбиелейтін киелі ұя болып қала бермек. 
         Елбасымыздың жолдауындағы білім саласына үңіле қарасаң - Еліміздің дамуындағы маңызды сала ретінде білім берудің ұлттық үлгісін жасау, бәсекеге қабілетін арттыру. Білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу . Бұл - ұстаздың дұрыс оқыту әдісін таңдауы болмақ. Ал, жаңа технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуы үшін басты рөл атқармақ. сонымен қатар жаңа тенооогияларды жетік меңгеру, мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, оқу тәрбие үрдісін дұрыс, тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Сондай - ақ, Елбасымыз қазақстандықтардың болашағы - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде екендігін айтып, қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керектігін тапсырды. Сонымен бірге, 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгеінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет - деп тапсырды . Менің ойымша, Елбасымыздың латын графикасына көшу туралы бастамасы өте орынды, өйткені , қазақ тілінің халықаралық деңгейге жетуі үшін, латын графикасына көшу  мол мүмкіндік берері анық.
         Білім беру үрдісінде ұстаз да , шәкірт те жеке тұлға. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам дәрежесіне келтіру керек. Демек , оқытудың жаңа технолгияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру , мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу - кезек күттірмейтін мәселердің бірі. Осының өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы , даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін , дарынын ашу мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктейді. Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен іс жүзіндегі әрекеттері арқылы дамиды. Оқуға үйрететін сабақтарды жүргізуде, алдымен , мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру қажет. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы , бақылаушы емес, танымдық істердің ұйытқысы болуға тиіс.
         Осы жайттардың барлығын зерделей келе Елбасымыздың жолдауы - халықты қолдауы екендігін халық ұғынуда.
 
Мектеп директоры: 
Ерімбетова Гүлжазира Нәлжігітқызы

30.01.2018 жыл
  
 

"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласы аясында өткен іс-шаралар туралы

 

     Бiздiң мақсатымыз айқын, бағытымыз белгiлi, ол – әлемдегi ең дамыған 30 елдiң қатарына қосылу.

Мақсатқа жету үшiн бiздiң санамыз iсiмiзден озып жүруi, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиiс.

  Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты –  ұлттық кодыңды сақтай бiлу. Онсыз жаңғыру дегенiңiздiң құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.

                                                                                                                                               Н.Ә.Назарбаев

 

     Яғни әрбір азамат  Отансүйгіш, тіліне - дініне берік, ұлттық салт-дәстүрлерін білуі, заман талабына сай бәскеге қабілетті, дені сау, білімді азамат болып қалыптасуы шарт. Сонда ғана біз өз мақсатымызға жете аламыз.  

  Осындай қасиеттерді балардың  бойына сіңіру мақсатында мектебімізде көптеген іс-шаралар өткізілуде.

Бiрiншiден, қазақ тiлiн бiртiндеп латын әлiпбиiне көшiру жұмыстары.   Латын әліпбиін меңгеру мақсатында ұжым қызметкерлерімен арнайы дөңгелек столдар, алаңдар ұйымдастырылуда.

Латыншаға көшудiң терең логикасы бар. Бұл қазiргi заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХI ғасырдағы ғылыми және бiлiм беру процесiнiң ерекшелiктерiне байланысты.

Екіншіден,  Ұлттық салт-дәстүрлерiмiз, тiлiмiз бен музыкамыз, әдебиетiмiз, жоралғыларымыз, бiр сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгi қалуға тиiс.

Мектебімізде Ұлттық салт дәстүрімізді дәріптеу мақсатында түрлі ұлттық көріністегі қойылымдар, отбасылық сайыстар ұйымдастырылды..

 Мұғалімдердің біліктілігін, оқушылардың білімін арттыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында "Жас мамандар сайысы", "Үздік сынып жетекші-2017", "Қыз аруы-2018", "Жігіттер сұлтаны", "Күз аруы" және т.б. сайыстар өтті. Қойылымдар мен сайыстар көпшіліктің көңілінен шықты.

Әрбiр өлкенiң халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есiмдерi ел есiнде сақталған бiртуар перзенттерi бар.

 Осындай ауылымызда туылған парасатты азаматтардың өмір жолы, шығармашылығымен танысу мақсатында кездесулер ұйымдастырылуда. Ең әсерлі кездесу жазушы, журналист А.Сабаевамен өтті. Ол кісі кездесу соңында мектебіміздің кітапхана қорына өз еңбектерін табыстады.

  Әрбір азамат  туған жердiң тарихын бiлгені және оны мақтан еткені дұрыс. Туған өлкеміздің тарихымен танысу мақсатында оқушылармен тарихи өлке Отырар, Түркістан қалаларына, Мақтарал ауданы Атакент қалашығында орналасқан мұражайға экскурциялар ұйымдастырылды. Осы тақырыпқа байланысты мектеп кітіпханасынан "Туған өлкемнің тарихы" тақырыбында бұрыш ашылған.

 Оқушылар бойына ұлттық қол өнер шеберлігін меңгерту мақсатында "Қол өнер шебері", "Өнер қолдар" үйірмелері жұмыс істеп, өз өнерлерін мектепішілік, аудандық көрмелерге қойып отырады.

Еліміздің болашағы білімді, дені сау жастардың қолында екені белгілі. Осы мақсатта да мектебімізде үйірмелер жұмыс істейді. Олардың біріне  "Қол күресі" спорттық секциясын жатқызамын. Бұл спорт түрі бойынша оқушыларымыз аудандық, облыстық, республикалық және Азия біріншіліктерінде жүлделе орындарға ие болды. Осы спорт түрінен "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласы аясында "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ"  тақырыбында мектебімізде аудандық сайыс өтті. Мақала аясында сонымен қатар тоғызқұмалақ, дойбы, футбол, волейбол сынды спорт түрлерінен де мектепішілік сайыстар өткізілуде.

    Аулымыздағы жалғыз басты, мүгедек азаматтардың үйлеріне мектептегі "Жас қолқанат" үйірмесінің балары көмек көрсетіп отырады.

  "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласы аясында мектебімізде 10 күндіктер, апталықтар өтіп тұрады.

 

 ДТІЖО:   Б.Серікбаев   

 

2.05.2018 жыл


 

Категория: ---

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.