» Туған аулымның тарихы

 
 
 

Туған аулымның тарихы

Автор: admin от 13-11-2018, 22:05, посмотрело: 489

0 Ауыл тарихы

Бәйтерек ауылы Түркістан облысы, Жетісай ауданының орталығы Жетісай қаласының солтүстік батысында орналасқан. Бәйтерек ауылына қосымша Жазықсай, Жамбыл елді мекендері кіреді. Ауылда жалпы 250 -ге жуық тұрғын үй, 1600-ге жуық адам өмір сүреді. Ауылдың жалпы 100 жылдық тарихы бар. Бірақ негізгі атауы беріліп, халықтың көптеп көшіп келуі 1948 жылдары Мырзашөл өңірін суландыру мақсатында құрылған Киров каналымен тығыз байланысты. Яғни 1948-1950 жылдары ауылға Жданов атауы берілген. Халықтың көпшілігі Шардара, Арыс, Түркістан, Отырар, Созақ аудандарынан келіп қоныстанған. Халықтың негізгі жұмысы егін, мал шаруышылығымен айналысады. Кейінгі 10 жыл көлемінде ауыл халқының әлеуметтік, мәдени ахуалы әлдеқайда көтерілді. Ауылымызда 1 мектеп, 1 емхана, демеуші тарапынын құрылған мешіт, 4 азық түлік дүкені жұмыс істейді. Сонымен қатар 80 мың гектар жерді суландыру мақсатында ауданымызда іске қосылған теңдесі жоқ құрылыстың бірі "Тәуелсіздіктің 20 жылдығы" атындағы канал аулымыздан басталады. Осы аталған мемлекеттік, жекеменшік мекемелердің өзінде 130-ға тарта адам жұмыс істейді.

Туған аулымның тарихы
Туған аулымның тарихы
Туған аулымның тарихы
Туған аулымның тарихы

Категория: ---

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.